Тікелей эфир

Білім беру қызметкерлерінің еңбекақысы 27% өсті. Елорда ұстаздарының орташа жалақысы ең жоғары – 350,8 мың теңге

Қазақстанның 17 өңірінің тек бесеуінде білім саласы қызметкерлерінің табысы жалпы орташа жалақыдан асады.

2021 жылдың ІІ тоқсанында білім саласында 528,4 мың адам қызмет етті. Бұл өткен жылдағы осы уақытпен салыстырғанда 2,5% көп. 2020 жылдың II тоқсанында бұл салада 515,5 мың адам қызмет көрсетіп, көрсеткіш 2,9% өсті, деп хабарлайды Ranking.kz сайты. 

Өңірлер бойынша білім саласының қызметкерлері Алматы облысында көп – 68,3 мың адам. Тізімде тағы Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Ал ең аз Атырау облысында – 14,2 мың адам. 

2021 жылдың ІІ тоқсанында білім саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 233,9 мың теңге болды – өткен жылмен салыстырғанда 26,8% көп. Ал сатып алу қабілеті индексі 18,1%-ды құрады. 


Оқи отырыңыз: Мұғалімдердің жалақысы қалай өседі? Есептейік


Республика бойынша:

  • мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы – 116,4 мың теңге;
  • бастауыш сынып мұғалімдері – 193,4 мың теңге;
  • орта білім беру мекемесінің ұстаздары – 273,7 мың теңге;
  • ЖОО оқытушыларынікі – 251,7 мың теңге. 

Қосалқы білім беру қызметтері саласының қызметкерлері 177,1 мың теңге жалақы алды. Бір жылда жалақы мөлшері 11,6% өскен. 

Өңірлер бойынша ең көп жалақы алғандар:

  • Нұр-Сұлтан – 350,8 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 17,6% көп;
  • Маңғыстау облысы – 268 мың теңге;
  • Алматы – 265,5 мың теңге. 

Оқи отырыңыз: 2021-2023 жылдары мұғалім жалақысы қалай өседі? Қосымша ақы мөлшері қандай?


Ал ең аз жалақы Батыс Қазақстан облысында тіркелді: 200,7 мың теңге, бұл өткен жылға қарағанда 31,6% көп. Қазақстанның 17 өңірінің тек бесеуінде білім саласы қызметкерлерінің табысы жалпы орташа жалақыдан асады. Бұдан өзге жалақысы көп өңірлерге Қызылорда мен Алматы облыстары кірді. 

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы балабақша, мектеп және колледж педагогтерінің жалақысы 25% өседі. Сондай-ақ, 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап педагогтерді жұмысқа қабылдау және білім ордаларына директор тағайындау жүйесіне өзгеріс енгізіледі. 
 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары