Азық-түлік корпорациясында 362,8 мың тонна көлемінде резервтік астық қоры бар, деп мәлімдеді үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
"Аталған астық көлемі қажет болған жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа жіберілетін болады. Мысалы, ағымдағы жылы Азық-түлік корпорациясының ресурстары әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыруды жүзеге асырды. Ұн тарту кәсіпорындарына өңірлердің өтінімдері бойынша жоспарланған көлем 256,8 мың тонна болса, 204,9 мың тонна тиеп-жөнелтілді. Көріп отырғанымыздай, бидай бағасының өсуі әлеуметтік нан бағасына әсер еткен жоқ", – деді министр.
Министрдің айтуынша, қазір бірінші кезектегі міндет – өсірілген өнімді ысырапсыз жинап алу. Ведомство басшысы егін жинау науқанының барысы министрліктің тұрақты бақылауында екенін жеткізді.
Оқи отырыңыз: Ұнның қымбаттауы нан бағасына қалай әсер етіп жатыр? Өңірлерге шолу