Тікелей эфир

БҒМ: Жетімдерді шетелге сату туралы ақпарат жалған

Мессенджер арқылы 2017 жылғы құжаттан алынып бұрмаланған «асырап алу құны» туралы хабарлама тарап жатыр.

Telegram арқылы халықаралық асырап алу жөніндегі үкіметтік емес ұйымның баға жазылған құжаты таралуына байланысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді. Хабарлама авторы жетім балаларды асырап алу деген желеумен шетелге сатып жатқаны туралы айтқан. Бұл туралы Stopfake.kz жазды.

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қазақстандық балаларды шетелдіктердің асырап алуын тек аккредитациядан өткен коммерциялық емес агенттіктер ғана жүзеге асыра алатынын хабарлады. Олар өз қызметіне ақы алуға құқылы емес.


Оқи отырыңыз: "Қазақ ертегілері де қорқынышты ғой". Вице-министр Nickelodeоn-ды қазақша сөйлету туралы


"Асырап алуға тыйым салу не оны жалғастыру туралы шешім шетелдік асырап алушылар ұсынған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана ұжым болып қабылданады", – деп хабарлады БҒМ.

Сондай-ақ, мессенджер арқылы таратылып жатқан құжаттың 5 жыл бұрынғы құжат екені анықталған. Ондағы агенттіктер тізімі ескірген және тізімдегі агенттіктердің ешбірі де Қазақстанда тіркелген ұйымдар қатарында жоқ. Ал құжатта "балалардың бағасы" емес, баланы асырап алу және тасымалдаумен байланысты шығындар көрсетілген.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары