Тікелей эфир

Батыс Қазақстанда шетелдік әйелге найзағай түсіп, қаза болды

Ол жедел жәрдем қызметі жеткенше қайтыс болған.

Батыс Қазақстанда найзағайдан жағалауда дем алып жатқан әйел қаза болды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Марқұм 40 жастағы Ресей азаматы екен. Қазір қайғылы жайттың нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Бұл оқиға Теректі ауданындағы Шалқар өзенінің маңында болған. Өңірде алдымен дауыл тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауған. Артынша найзағай түсіп, кесірінен тұзды көлге демалуға келген ресейлік келіншек есінен танып құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, ол жедел жәрдем қызметі жеткенше қайтыс болған.

Сонымен қатар жауын-шашынның кесірінен бірқатар аудандарда жарық өшті. Облыс орталығының көп бөлігі сусыз қалды.

Табиғаттың тосын мінезінен үйлердің шатыры ұшып, көшелерді су басқан. Үзілген электр сымдары мен бүлінген ғимараттар қалпына келтірілді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары