Самара-Шымкент тас жолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты.
Батыс Қазақстан облысында тас жолда болған жол апатынан алты адам қаза тапты. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Жол-көлік оқиғасы жексенбі, 17 қыркүйекте республикалық маңызы бар Самара – Шымкент жолының учаскесінде болды. Бекей ауылының маңында жолдың 290 шақырымында DAF жүк көлігі мен Lada Priora көлігі соқтығысқан.
Оқиға салдарынан алты адам қаза тапты: 34 жастағы ер адам, 35 жастағы әйел және 2012, 2013, 2018, 2022 жылы туған төрт бала.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан балалар саны 24% көбейді.
Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі де зардап шекті. Аймақтық жол полициясының қызметкерлері оқиға орнында мән-жайды анықтауда.