Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылдың шілде айында Қазақстаннан шетелге 88,6 млрд теңге аударылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңінде 86,7 млрд теңге болған.
Ақшаның басым бөлігі – 32,3 млрд теңге Өзбекстанға аударылған. Аударым деңгейі 2022 жылы 4% төмендегені байқалады. Ал екінші орында Ресей тұр, ол жаққа 19,9 млрд теңге (+27,5%) аударылған. Үшінші орында – Түркия. Бұл мемлекетке 16,2 млрд теңге аударылған.
Қазақстанға керісінше шетелден 24,1 млрд теңге көлемінде қаражат түскен. Өткен жылдың шілде айында бұл көрсеткіш – 88,2 млрд теңге болған еді.
Қаражаттың басым бөлігі Ресейден – 7,9 млрд теңге (- 7 есе), Оңтүстік Кореядан – 3,1 млрд теңге (- 6,06%), АҚШ-тан – 2,9 млрд теңге (- 19,4%), Өзбекстаннан – 2,5 млрд теңге (- 32,4%), Германиядан – 1,5 млрд теңге (+ 7,1%) түскен.