Балабақшалар жасыл, сары не қызыл аймақта орналасуына қарамастан жұмыс істейді.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.
ВАК талқылауының қорытындысы бойынша 24 қаңтардан бастап оқытудың штаттық форматына рұқсат беру ұсынылды:
- мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініштері бойынша ("қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда);
- оқушы саны 600-ге дейін (қоса алғанда) жалпы білім беретін мектептерде;
- оқушы саны 600-ден асатын жалпы білім беретін мектептерде – жобалық қуаттың 50%-ынан аспайтын жүктемемен;
- жалпы білім беретін мектептерде – бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептерде 5-6 сыныптарды қоса алғанда);
- мектептен тыс ұйымдарда – жеке сабақтар, топтық сабақтар – 15 адамға дейін, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында), ересектерде – жеке және топтық сабақтар – 8 адамға дейін;
- колледждер мен жоғары оқу орындарында – аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика – икемді график бойынша штаттық режимде, дәрістер – онлайн.
Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде, жоғары оқу орындарында барлық білім алушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру карантин режимін бұзушылықтар анықталған кезде қолданылатын болады.
Оқи отырыңыз:
- Асхат Аймағамбетов: Маңғыстауда мектеп тапшылығы мәселесі бар
- Алматыда "Ю" сыныбының мәселесі қалай шешілді?