Тікелей эфир

Басшылық қызметте әйелдер неге аз?

Қазақстан әйелдер күштері альянсының өкілі белсенді әйелдердің көбейгенін айтады.

Мемлекеттік компанияларда әйелдер үлесі небәрі 5-7% шамасында. Осы орайда, "Қазақстан әйелдер күштері альянсы" ЗТБ төрағасының орынбасары Бақытжан Самиева 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына берген сұхбатында іскер әйелдер үлесінің неге төмен екеніне жауап берді.

– Квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте әйелдер неге өте аз? Олардың экономикалық-қаржылық білімі жетпей ме? Әлде бұл кемсіту, әйелдерге деген сенімсіздік пе?

– Менің ойымша, бізде белсенді әйелдер өте көп. Халықаралық тәжірибені білесіздер. Осы сұрақты үкіметке екі жылдан бері қойып келеміз. Әйелдердің бір емес, екі жоғары білімі бар. Ер азаматтар бізді тамақ пісірсін, бала тапсын деп ойлайды. Ол да дұрыс. Бірақ біз де өз елімізге қызмет еткіміз келеді.

– Осы олқылықты жеңу үшін 30 пайыздық норма қабылдау ұсынылып жатыр. Бұл тағы да қағаз жүзіндегі жалған сандар болмай ма?

– Бәрі алға басады деп ойлаймын. Өйткені, бұл – пікір емес, мақсат. Президент сөзін жерге тастамайды деп қарап отырмыз. Мектептерге кіріп, кішкене қыздарға 15 жасынан бастап алға басуды үйретіп жатырмыз. Тек саясатқа араласып қана қоймай, білім алуға, мемлекетке, халыққа қызмет етуге ұмтылса дейміз. Жастарға белсенді әйелдерді көрсетеміз деген мақсатымыз бар.


Оқи отырыңыз: Жыл сайын әйелдер үлесі азайып келеді. Биыл Қазақстандағы әйелдер саны 9,9 миллионға жетті 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары