Павлодар қаласында 2024 жылдың 14-15 қыркүйек күндері қасиетті "Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІІІ республикалық байқау" өтеді, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жылдағы дәстүр бойынша ХІІІ Республикалық Құран байқауын 14-15 қыркүйек күндері Павлодар қаласында өткізуді жоспарлап отыр.
Байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтеді.
Құран байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
- үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
- толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
- үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
- үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
- үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін:
- Облыс бас имамының ұсыныс хаты;
- Үміткердің анкетасы;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі талап етіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.
Оқи отырыңыз: Құран оқудан республикалық байқауға қатысатын үздіктер анықталды
Толық Құранды жатқа оқу бойынша:
- 1-орын авто көлік
- 2-орын (4 000 000 теңге);
- 3-орын (3 000 000 теңге);
- 4-орын (1 500 000 теңге);
- 5-орын (1 000 000 теңге).
Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:
- 1-орын (3 000 000 теңге);
- 2-орын (2 000 000 теңге);
- 3-орын (1 500 000 теңге);
- 4-орын (800 000 теңге);
- 5-орын (500 000 теңге).
Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:
- 1-орын (1 500 000 теңге);
- 2-орын (1 000 000 теңге);
- 3-орын (750 000 теңге).
Құранды мәнерлеп оқу бойынша:
- 1-орын (700 000 теңге);
- 2-орын (500 000 теңге);
- 3-орын (300 000 теңге).
Жарысқа қатысып, жүлде алмаған әр қариға 70 000 теңге көлемінде 64 үміткерге 4 480 000 теңге беріледі.
Демеушілердің және дін жанашырларының қаржылай қолдауымен өтетін байқаудың жүлде қоры 26 530 000 теңгені құрайды.
Байқау Діни басқарманың "Мүфтият ҚМДБ" YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.