Тікелей эфир

"Бақытты отбасы", "Шаңырақ": Бастапқы жарна болмай ма?

Бастапқы жарна алынса, қарыз алушының ай сайынғы қаржы жүктемесе артады. 

Мәжіліс депутаттары премьер-министр Әлихан Смайыловқа "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламаларынан бастапқы жарнаны алып тастау туралы сауал жолдаған. Әлихан Смайылов сауалға жауап берді

"Қарыз бойынша бастапқы жарна – кепілді қарыздар және соның салдарынан кредит қауіптері үшін қаржы қатерінен сақтандыру. Бастапқы жарнаны алып тастау немесе азайту қарыз алушының ай сайынғы қаржы жүктемесін арттырады", – деп жазды премьер-министр.


Оқи отырыңыз: Депутат "Бақытты отбасы", "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны алып тастауды ұсынды


Үкімет басшысының жазуына қарағанда, халықтың әлеуметтік осал топтарын қаржылай қолдау үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит нысанында әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түрінде тұрғын үй сертификаттарын бөледі.

Серіктестер жаңалықтары