Банкрот деп танылған адамның проблемалық қарызы бюро базасында болмаса да толық кешіріледі

Фото: pixaby.com
Фото: pixaby.com
Қазір тиісті заң жобасы мәжілістің қарауында жатыр.

Енді банкрот деп танылған жеке тұлғаның проблемалық қарызы кредиттік бюроның базасында болмаса да толық кешіріледі, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Демек, кез келген кредитор, ол банк, серіктестік, не кезінде банк қарыздарын сатып алып, қазір өндіріп жатқан ұйымдар болсын берешекті талап ете алмайды. Әрі, банкроттық жариялау рәсімі де жеңілдетілгелі отыр. Өйткені, борышкер 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін алған несиелерін қаржы ұйымдарымен реттеуге міндетті емес. 

Сонымен қатар соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу барысында борышкерге себебін түсіндермей-ақ, өз қалауынша процесті тоқтату құқығы берілуі ықтимал. 

Мамандардың айтуынша, қазір, банкроттыққа өтініш тастап, көп өтпей ойынан айнып қалатын адамдар бар. Олар рәсімді доғару үшін түрлі сылтау айтуға мәжбүр екен. Сондықтан, осындай мүмкіншілік беруді жөн санаған. Демек, қаржылық жағдайым жақсарды деп өтірік ақпарат ұсынбайды. Қазір тиісті заң жобасы мәжілістің қарауында жатыр. 

"Қаржылық жағдайы жақсармаса да, бірақ өз еркімен кейінгі салдарын ескере отырып және де өзі осы банкпен өзара тіл табысып, сондайдан бас тартып жатқандар бар. Сол себептен осы рәсімнен бас тарту, тоқтату рәсімді, соның себептерін көбейтіп жатырмыз", – деді ҚР ҚМ МКК дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева. 

 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары