Тікелей эфир

Бангладеште екі пойыз соқтығысып, 17 адам қаза тапты

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталған.

Бангладештің шығысында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан кемінде 17 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлады Arab News ақпарат агенттігі.

Бангладештің астанасы Даккадан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде жолаушылар пойызы Бхайрабта жүк платформасына соғылған.

Теміржол полициясының басшысы Ановар Хуссейн "құтқару операциясы жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны артуы мүмкін" деп мәлімдеген. Жүк пойызы жолаушылар пойызын артынан соғып, екі вагонды басып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызы ережені бұзған.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары