Александр Руденко 2023 жылғы 12 шілдеде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев баланы құтқарам деп қайтыс болған мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысы Астана қаласының № 32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды", – делінген хабарламада.
Фото: Ақорда
Александр Руденко 2023 жылғы 12 шілдеде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза болды.
Серіктестер
жаңалықтары
Мәтіндегі орфографиялық қате
Біздің жобалар
"Инфополис" ЖШС, 2015 – 2025. Құқықтардың бәрі қорғалған.