Тікелей эфир

Балалар мен студенттер ата-анасы тіркелген емханада емделе алады

Енді бүкіл отбасы тұрғылықты жері бойынша бір емханада қызмет ала алады.

Балалар мен жүкті әйелдердің сапалы патронажын қамтамасыз ету мақсатында енді бүкіл отбасы тұрғылықты жері бойынша бір емханада қызмет ала алады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі

Инфографика: Денсаулық сақтау министрлігі

"Студенттердің өздері оқу орнын көрсете отырып, емхананы таңдай алады немесе мұны ата-аналары арқылы жасай алады. Бұл жаңалық барлық отбасы мүшелеріне медициналық көмекке қол жетімділік пен ыңғайлылықты жақсартады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ медициналық көмекке, оның ішінде МӘМС жүйесіне қатысатын жеке медициналық ұйымдарға тең қол жеткізу мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы қызмет көрсету аумақтарын бөлетін болады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді


 

Серіктестер жаңалықтары