Тікелей эфир

Балалар арасындағы суицид: Қазақстан 178 елдің ішінде 19-орында

Балалық шақтың қорғалуы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 180 ел ішінде 50-орында тұр.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутоагрессивті мінез-құлық пен суицид проблемасы. Республикадағы балалар ортасында бұл құбылыстың жиілігі тұрақты түрде жоғары: 2020 жыл – 144 факт (әрекет – 307), 2021 жыл – 175 факт (әрекет – 373), 2022 жыл – 155 факт (әрекет – 309), 6 ай. 2023 жыл – 95 факт (әрекет - 207). Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспардың жобасында жазылды.

"2023 жылдың 6 айында Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан облыстары, Алматы, Шымкент қалаларында суицидтің өсуі байқалады. Түркістан облысында суицидтің жоғары деңгейі сақталып отыр (20 жағдай). Ал Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында суицид әрекеттерінің өсуі  тіркелді.  Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің ең көп саны Астана қаласында тіркелді. Биыл бұл қалада кәмелетке толмаған 47 бала өз-өзіне қол жұмсамақ болған", – деп жазылған кешенді жоспар жобасында.

2023 жылға арналған Wisevoter есебінің деректері бойынша Қазақстан суицид статистикасы бойынша 178 елдің ішінде 19-орында (100 мың тұрғынға шаққанда 17,6).

Балалық шақтың қорғалуы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 180 ел ішінде 50-орында тұр.


Оқи отырыңыз: 3 жылда 2,5 мыңға жуық балаға қатысты жыныстық қылмыс жасалған. Қай өңірлер көш бастап тұр?


 

Серіктестер жаңалықтары