Тікелей эфир

Балабақшалар қандай жағдайда аттестациядан босатылады?

Министр ведомствоның аттестаттауға қатысты көзқарасы өзгеріп жатқанын айтты.

Қазақстанда өз еркімен аккредитациядан өткен балабақшалар аттестациядан босатылады. Бұл туралы тамыз конференциясының панельдік отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Министр ведомствоның сапа сипаттамалары бойынша аттестаттауға қатысты көзқарастарын өзгертіп жатқанын айтты. Яғни, басты назар құжаттардың қалай ресімделуіне емес, ата-аналар мен педагогтардың қызығушылығына сауалнама жүргізуде болмақ.

"Аттестаттау сапалық көрсеткіштерге қарай өзгереді. Біз аккредиттеу мүмкіндігін қосымша енгізгіміз келеді, ерікті түрде аккредитациядан өткендер аттестациядан босатылады деп болжануда. Аккредиттеуді де, аттестацияны да қатар жүргізудің не қажеті бар? Егер олар IB әлде, CIS бойынша аккредитациядан өтсе, онда халықаралық стандарттар бойынша сапа қамтамасыз етілді дегенді білдіреді. Біз оған сенеміз және ары қарай бұл мәселені қозғамаймыз. Осындай жоспар бар. Сіздермен әлі де бұл мәселені талқылаймыз", – деді Асхат Аймағамбетов.


Оқи отырыңыз: Біліктілігін арттырған ұстаздар емтиханнан құласа, сертификат берілмейді


 

Серіктестер жаңалықтары