Қазіргі уақытта, әлеуметтік желілерде Байқоңыр қаласының тұрғындарына "Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін" қаржы төлеп, қатысуға үгіттеп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Байқоңыр қаласы Әкімшілігі Басшысының 2023 жылғы 07 ақпандағы №49 қаулысына сәйкес Байқоңыр қаласында тұратын жұмылдырылған азаматтарға, сондай-ақ арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және әскери қызметті өткеруге келісімшарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 (екі жүз алпыс) мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленген.
Ресей Федерациясы Президентінің 21.09.2022 жылғы №647 "Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жариялау туралы" Жарлығына сәйкес тек Ресей Федерациясының азаматтары әскери қызметке шақырылады.
Сондай-ақ, ерікті түрде әскери қызметші ретінде жұмылдыру немесе арнайы әскери операцияға қатысу үшін Ресей Федерациясының 60 жасқа дейінгі ер азаматтары шақырылуы мүмкін.
Осылайша, Байқоңыр қаласы Әкімшілігі Басшысының жоғарыда аталған Қаулысына сәйкес әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 (екі жүз алпыс) мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем тек Байқоңыр қаласының тұрғыны болып табылатын Ресей Федерациясының азаматтарына қолданылады.
Анықтама ретінде, Үкіметаралық келісімге сәйкес Байқоңыр қаласының тұрғыны болып қала аумағында тұратын және Байқоңыр қаласының әкімшілігінде тіркелген Қазақстан Республикасының азаматы немесе Ресей Федерациясының азаматы танылады.