"Қазгидромет" Біріккен Араб Әмірліктеріндегі рекордтық жауын-шашыннан кейін Қазақстанда толассыз жауын жауу ықтималдығы туралы түсініктеме берді.
Брифингте "Қазгидромет" РМК-ның басшысы Марина Шмидт Дубайда қарқынды жаңбырдың бірінші рет жауып тұрғаны емес екенін түсіндірді. Журналистер "Астанада және жалпы Қазақстанда нормадан тыс жауын-шашынды күту керек пе?" деп сұрады.
"Табиғи апат климаттың өзгеруіне байланысты болды ма, жоқ па – нақты айта алмаймын. Біз талдау жүргізген жоқпыз. Астанада мұндай жаңбыр күтілмейді. Қазақстан, негізінен, континенттің ішінде орналасқан, мұндай жауын-шашын бізге тарихи тұрғыдан сәйкес келмейді", – деп сендірді Марина Шмидт.
Оқи отырыңыз: Атырауда бөгетті бұзып, құм толы қапшықтарды ұрлағандар ұсталды
БАӘ-де 15 сәуір күні кешке жаңбыр толассыз жауды. Су тасқыны Дубай әуежайын басып қалды. Ол уақытша жұмысын тоқтатты. Көрші Оманда да толассыз жауын жауды. Толассыз жауын салдарынан қаза болғандар бар.