Тікелей эфир

"Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің айналасында дрон пайдалануға тыйым салынды

Аппаратты ұшыру үшін рұқсат ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің айналасында дрон аппаратымен фото-видео түсіруге тыйым салынды, деп хабарлайды кесененің баспасөз қызметі. 

"Халық көп шоғырланған аймақтың қауіпсіздігі мен тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында осындай шешім қабылданды. Ұшқышсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру үшін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қожа Ахмет Ясауидің жиені Жүсіп ата туралы тарихи қолжазба мен құжаттар табылды


"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорғау аймағы 88,7 гектарды құрайды. Аталған аумаққа Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім кесенелері мен сегіз қырлы сағана, жерасты қылуеті, жұма мешіті, Күлтөбе қалашығы және хан ордасы мен хан мешіті сынды тарихи объектілер кіреді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары