Тікелей эфир

"Әзірет-Сұлтан" музей-қорығы мен Қаллеки театрына "ұлттық" мәртебесі берілмек

Қаулы жобасы 23 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

"Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" және "Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына "Ұлттық" мәртебесі берілмек. "Қазақстан Республикасының президенті жарлығының жобасы туралы" үкіметі қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Қаулының жобасы 2023 жылдың 23 тамызына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. 

"Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына "Ұлттық" мәртебе берілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді", – делінген президент жарлығының жобасында. 

Оқи отырыңыз: #AbayChallenge: Димаш Абай Құнанбаевтың туған күніне орай челлендж жариялады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары