Тікелей эфир

"Автоспортқа жолдама". Қазақстанда Жас ұшқыштар академиясы іске қосылды

Автоұшқыштарды даярлау бағдарламасының соңғы күнінде жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. 

Алматыда FIA Еуразия аймағына кіретін жеті елден – Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 15 жас автоспортшы жиналды. Жас ұшқыштар академиясына қабылданған 15 пен 21 жас аралығындағы өрендер тренингтерден өтіп, жарысқа қатысты.

Жас ұшқыштар академиясы – Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы жастар автоспорты саласындағы алғашқы ауқымды жоба. Жобаны ҚР Автомотоспорт федерациясы Біріккен Араб Әмірліктерінің автоспорт федерациясымен бірлесе отырып, FIA Халықаралық автоспорт федерациясының спортты дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – Еуразия аймағында автоспорт саласындағы жас таланттарды анықтау және дамыту.

Фото: ҚР автомотоспорт федерациясы

Жас спортшылар Алматы маңындағы "Сокол" жаңа инновациялық автодромында үш күн бойы жарысқа дұрыс дайындалу, тректегі спорттық және спорттық емес мінез-құлықты ажырата білу, өздерін физикалық формада ұстай білуді үйренуге көмектесетін психологиялық әдістер негізінде жасалған сабақтарға қатысты. Сондай-ақ, БАҚ-пен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек екенін, әріптестер ұжымында қарым-қатынас орнатуды, жарыс кезінде эмоцияларды қалай бақылау керек екенін үйренді.

Демеушілер мен "үздік" командалардың жаттықтыратын бапкерлердің назарын аударту үшін және инвестиция сала бастауы үшін қандай маман болу  және неге ұмтылу керек екені де тренингтер барысында талқыланды. Ұшқыштар Академиясын даярлау бағдарламасының соңғы күнінде жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. 

Фото: ҚР автомотоспорт федерациясы

ҚР автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаевтың айтуынша, біздің елімізде ұшқыштар академиясы алғаш рет өтіп жатыр.

"Қазақстанның автомотоспорт федерациясы бұл жобаға FIA Халықаралық автоспорт федерациясынан грант алды. Академия сабақтарын жыл сайын өткізуге ниет бар. Тренингке қатысушылардың мансабына бұл үлкен көмек болады. Сондай-ақ, жарыс жеңімпаздары мен болашағы зор жас ұшқыштар туралы ақпарат енді FIA-да болады. Спортшылар Академияда алған білімдері мен дағдыларын өздерін көрсетуге және одан әрі кәсіби өсуі үшін пайдаланады. Бұл жоба біздің елімізде автопәндерге көбірек назар аударып, техникалық спорт түрлерінің, атап айтқанда, қазіргі жастар арасында картингтің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді деп үміттенеміз", – деді ол.

Фото: ҚР автомотоспорт федерациясы

Марат Әбіқаев айтып өткендей, әлемнің түкпір-түкпірінде автоспортты белсенді дамыту үшін FIA Халықаралық автоспорт федерациясы өңірлік негізде бірлестіктер құруға жәрдемдеседі. Қазіргі уақытта ҚР Автомотоспорт федерациясының президенті басқаратын FIA Еуразиялық аймағы осындай бірлестіктің бірі. Мұндай жобалар ұлттық федерациялардың ынтымақтастығын кеңейтуге, спортшылардың ұлттық жарыстарға қатысуын жеңілдетуге, спорттық және техникалық ережелерді үйлестіруге, сондай-ақ аймақтық чемпионаттар мен кубоктарды өткізуге қызмет етеді. Сонымен қатар, картинг – автоспортқа қадам жасайтын негігізгі пән.

"Көптеген жас спортшы спорттық мансабын картингтен бастайды. Содан кейін олар "Формула 4", "Формула 3", "Формула 2", ал ең үздіктері "Формула 1-ге" ауысады", – деп қорытындылады Марат Әбіқаев.

Фото: ҚР автомотоспорт федерациясы

Өз кезегінде FIA өкілі Ронан Морган ұйым Қазақстанда жасөспірімдер мен жастар автомотоспортының дамуын құптайтынын атап өтті.

"Біз FIA Еуразиялық аймағында жас ұшқыштарды оқыту бағдарламасын іске қосқанымызға қуаныштымыз. Автоспорт үшін ұшқыштардың жаңа буынын дайындауда аймақ пен Қазақстанның әлеуеті өте жоғары деп есептейміз. Мұнда жоғары нәтижеге қол жеткізе алатын талантты жігіттер көп. FIA президенті Қазақстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны және осындай жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсететіні жайдан-жай емес. Жас ұшқыштар академиясы жыл сайын өтетін іс-шара болады деп сенеміз. Өңірдегі балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға қуатты серпін беріп, жастарға салауатты өмір салты құндылықтарын сіңіруге, сондай-ақ дұрыс, кәсіби қауіпсіз мотоспортты енгізуге және дамытуға көмектеседі деп үміттенеміз", – деп атап өтті Ронан Морган.

Фото: ҚР автомотоспорт федерациясы

Қазақстанның Автомотоспорт федерациясының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда картингке арналған бір ғана мамандандырылған автодром – Алматы "Сокол" СТК жұмыс істейді. Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде Федерацияның қамқорлығымен қалыптасқан дәстүрді ұстанатын кәсіби секциялар мен картинг мектептері жұмыс істейді. Онда мотоспорттың бұл түрін мемлекеттік мектептер де, жеке техникалық бірлестіктер де, жеке энтузиастар да үйретеді. Секцияларға 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатысады. АМСФ өкілдері Қазақстанда автоспортты дамыту мемлекет тарапынан да, демеушілер тарапынан да қолдау мен назар аударуды қажет ететінін атап өтті, өйткені ол техникамен байланысты кез келген спорт түрі сияқты елеулі қаржыны қажет етеді. Бұл спорт түрлері жастардың бойында ержүректік пен патриотизм сезімін қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар халықаралық ареналарда еліміздің туын желбірететін таланттарды тәрбиелеуге көмектеседі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары