Парламент мәжілісіне "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған мұнай-газ айналымының реттеу процестерінің реинженерингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы келіп түсті.
Тұрмыстық газ баллондарын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы адам өміріне қауіп төндіріп, кей жағдайда өлімге әкеледі. Осындай оқыс оқиғаларды болдырмас үшін заң жобасында арнайы жабдықталмаған әдеттегі газ құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарын толтыруға тыйым салу ұсынылып отыр.
"Газ және газбен жабдықтау" заңының 28-бабының 5-тармағына сәйкес тұрмыстық газ баллондарын арнайы газ құю станцияларында толтыруға болмайды. Оларға газды тек қана арнайы газ толтыру бекеттерінде жүргізу керек. Техникалық тұрғыдан қарағанда арнайы тексерістер жүргізіледі, рәсімделеді, баллон сапасына кепілдік береді. Арнайы тауар белгісі оны есепке алу үшін жүргізіледі. 2022 жылы ТЖМ мәліметіне жүгінсек, газ баллон себептерінен 65 жарылыс болған, соның ішінде автогаз құю станциялары жоқ емес. Заң шеңберінде автогаз құю станцияларында тұрмыстық баллондарға газ құюға тыйым салынады", – деді Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов.
Оқи отырыңыз: Газ бағасы 2024 жылға дейін қымбаттамайды
Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев сұйытылған газ бағасы соңғы уақытта әлеуметтік маңызды мәселеге айналғанын айтып, бағаны реттеуді күшейту бойынша заң жобасында ұсынылған шаралар сұйытылған газ құнының өсуіне алып келмей ме деп алаңдайды. Депутат Екатерина Смышляева газ бағасын реттеуді күшейту туралы емес, салалар арасында реттеу бойынша міндеттерді бөлу сөз болып отыр дейді. Атйуынша, бүгінде газ бағасын реттеу екі реттеушінің қолында: өндірушілердің көтерме бағасын Энергетика министрлігі реттесе, бөлшек бағаны реттеуге Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жауап береді.
"Бір нарықтағы екі баға әртүрлі реттеушінің қолында. Олардың реттеу қызметтерінде бір-бірінен айырмасы жоқ. Энергетика министрлігі әдістемелік жағынан қараса, агенттік бәсеке нарығында экономикалық тұрақтылықты сақтау тәсіліне жүгінеді. Сол себепті заң жобасында Энергетика министрлігін қажет жағдайда өндіріс кезеңінде де, бөлшек саудада да баға саясатын белгілейді деп көрсетілген. Бұл жерде әңгіме бағаның өзгеруі, шекті бағаны бекіту туралы емес. Энергетика министрлігі көтерме және бөлшек бағаны қоюдың әдістемесін анықтап, екі реттеушіде екі түрлі баға болса осы бағалар арасындағы теңгерімді белгілеуі керек", – деді Екатерина Смышляева.