Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бұрынғы бапкері Алексей Ни спорттан 4 жылға шеттетілгені белгілі болды

Алексей Ни. Фото: Informburo.kz
Алексей Ни. Фото: Informburo.kz
Халықаралық допингке қарсы агенттік бұған дейін оны өмір бойына спорттан шеттету туралы шешім шығарған болатын.

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей  Ни мен оның бауыры Виктор Ни 4 жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Sportbugin.kz қазақстандық ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Мадина Астамироваға сілтеме жасап хабарлады. 

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық допингке қарсы агенттік Алексей Ниді өмір бойына, ал Виктор Ниді 4 жылға спорттан шеттету туралы шешкен болатын. Дегенмен, бұл шешім қайта қаралған.

"Халықаралық допингке қарсы агенттік Алексей мен Виктор Ниді өмір бойына спорттан шеттетуді көздеген. Тексере келе, 4 жылға аластатылды. Бұл рас ақпарат. Отандық федерация мұны растайды", – деді Мадина Астамирова.

Екі бапкерге қатысты 2023 жылы іс қозғалған еді. Бүгінде Алексей Нидің жетекшілігімен Олимпиада және әлем чемпионы атанып, әлемдік жарыстарда жүлде алған спортшылар түгелдей атағынан айырылды. Олардың барлығы допинг қолданды деген күдікке ілінген.

Медальдарын қайтарып берген спортшылар арасында Илья Ильин, Светлана Подобедова, Жасұлан Қыдырбаев, Майя Манеза, Алмас Өтешов, Зүлфия Чиншанлолар бар.


Оқи отырыңыз: Спортта тәртіп керек, бірақ әдептен озуға болмайды


 

Серіктестер жаңалықтары