IQanat қамқоршысы, XFinity Solutions ЖШС басшысы Мақсат Төлепов Қазақстан ауылдарынан шыққан және жоба аясында білім алып жатқан балаларға 100 жаңа ноутбукты сыйға берді, деп хабарлады жобаның баспасөз қызметі.
Бұл балалар IQanat жобасының IQ Advance бағдарламасы аясында білім алып жатыр.
Еске салайық, IQanat Олимпиадасында үздік жүздікке енген оқушылар Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында грантпен оқитын болса, кейінгі жүз үздік оқушы өз ауылдарында IQ Advance бағдарламасы бойынша білім алады. Алайда, Қазақстанның шалғай ауылдарында тұратын балалардың көбінде техникалық мүмкіндігі болмағандықтан, IQanat қамқоршысы Мақсат Төлепов оларға арнайы ноутбуктерді сыйға берді.
"Бүгінде сыйға ноутбук алған балалар өз ауылдарында тұрып жатыр және сонымен бірге IQanat жобасының IQ Advance белсенді бағдарламасына қатысуда. Бұл бағдарлама аясында оқушылар үш жыл бойы университетке оқуға түсуге дайындалады. Сондықтан, оларда қажетті техникалардың болуы өте маңызды. Ноутбук ауылдардың географиялық тұрғыда алыстығымен байланысты кедергілерді жеңуге және оқушылардың сапалы оқу материалдарына, онлайн курстар мен интерактивті білім алу платформаларына қолжетімділігінің болуына көмектеседі", – делінген IQanat жобасының баспасөз хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- IQanat мектебі эндаумент қорға берілді. Бұл нені білдіреді
- Ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларына арнаған олимпиада бастау алды