Ауғанстандағы этникалық қазақтардың біразы өздерін Қазақстанға алып кетуді сұрап отыр. Арнамызға хабарласқан олардың көбі Кабулден алыста тұрады. Ел орталығына бармақ түгіл олар үйден шыға алмай отыр, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро бағдарламасы.
Көмек сұраған этникалық қазақтардың бірі – Латифа Мұрат Мазари-Шариф қаласының маңындағы Дәулетабад ауылында тұрады. Ол бес баласымен үш жыл бұрын жесір қалған. Ұл-қыздарының бәрі кәмелет жасына толмаған. Айтуынша, ауылдан Мазари-Шарифке барудың өзі қауіпті. Ал Кабул 320 шақырым қашықтықта. Қазір Латифа жездесінің үйін паналап отыр. . Ал марқұм күйеуінің туыстары Қазақстанда мекендейді екен.
"Бұларға мұнда бір адам көмек қолын созбайды. Сондықтан Қазақстанға алып кетуін сұрайды. Өзі жесір қалған", – дейді этникалық қазақ Ташболат.
Айта кетейік, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ауғанстанда 200 этникалық қазақ тұратынын хабарлаған болатын. Бұл шамамен 15 отбасы.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: