Бұл жарыс түрінен тоғыз елдің 64 спортшысы бақ сынап жатыр.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бүкіл спортшысы финалға өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, жарысқа тоғыз мемлекеттен 64 спортшы тіркелген.
Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресейдің спортшылары арасында Қазақстанның аударыспақ құрамасы финалға озып шықты.
"Команданың финалға шыққан спортшылары - Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев", – делінген хабарламада.