Тікелей эфир

Атырауда алаяқтар 15 қымбат көлікті жалға алып, сатылымға шығарған

Қазіргі таңда 13 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тағы екі көліктің дерегі айқындалмаған.

Атырауда шетелдік қымбат көліктерін жеке кәсіпкер Нысанбек Бақтыбаевқа келісімшартпен жалға беріп, артынан сан соғып қалған азаматтар полиция басқармасына келіп наразылық білдірді. Сөздерінше, оларға кәсіпкер ай сайын 500 мың теңгеден төлеуі тиіс болған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Кәсіпкер ай өтпей жатып жалға алған мүлікті сатуға шығарған.  

"Мен хабарландыру бойынша өз көлігімді өзім алайын деп келіп тұрмын. Сатушының маған айтқаны айтқаны: "қазір алатын болсаң құны 7 миллион 700 мың теңге, жылдам ақша керек болып тұр. Екі күн күтсең, ресейлік не қазақстандық нөмір дайын болады", – дейді көлік иесі Нариман Төлегенов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жеңіл көлік бағасы қандай жағдайда екі есеге дейін арзандайды?


Мұны естіген өзге жүргізушілер де темір тұлпарларын іздей бастаған. Кәсіпкерден мүлдем жауап ала алмаған соң полицияға шағымданыпты. Олар көліктер шет мемлекеттерге сатылып кетсе, ізін табу қиын болады деп қауіптеніп отыр. Көлік иелері қазір аудандарды шарлап, жоғалған мүліктерін өздері іздеп жүргенін айтады. Сөздерінше 12 автокөлік табылған. Бірақ, олардың құжаттары не мемлекеттік нөмірлері жоқ. Ал полиция басқармасының мамандары 13 көлік табылғанын айтты. ды дейді.

"Қазіргі таңда 13 қылмыстық іс тіргеліп жатыр. Осы алаяқтық фактілері бойынша. 13 машина алынып, жәбірленушілер арқылы танылды. Қазір екі машина анықталмай жатыр. Оны іздестірудеміз. Енді тергеу амалдары көрсетеді", – дейді Атырау қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімі бастығының орынбасары Дастан Ғабдулин.

Полиция тергеу жұмыстарына екі айға жуық уақыт кетуі мүмкін екенін айтады.

Серіктестер жаңалықтары