Атырау облысында "Атырау жастары" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасынан белгілі болды.
2022 жылғы мамырда сол кездегі премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 2025 жылға дейін республиканың барлық өңірінде жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары іске қосылатынын хабарлаған болатын. Қазіргі таңда мұндай бағдарламалар Алматы ("Алматы жастары"), Астана ("Елорда жастары") қалаларында және Қарағанды ("Қарағанды жастары"), Жамбыл ("Әулиеата жастары") және Қостанай ("Қостанай жастары") облыстарында бар.
"Атырау жастары" бағдарламасының негізгі шарттары төмендегідей:
- бастапқы жарна кемінде 10%;
- жылдық несие мөлшерлемесі 5%;
- несие мерзімі 19 жылға дейін.
Бағдарламаның ашылатын мерзімі және қосымша талаптары алдағы уақытта жарияланады.
Сондай-ақ, Ақпарат министрлігі бүгін республикада жастарға арналған бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетінін хабарлады.
Оқи отырыңыз:
- Жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Баспана нарығында басқа қандай жаңалық бар?
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан қалай пәтер алуға болады? Маңызды 13 сұраққа жауап