Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бірнеше күннен бері тасқын судың алдын алу жұмыстарына атсалысқан тұрғындарға алғысын білдірді, деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Атырау облысында су тасқынына байланысты жағдай өте күрделі. Атырау облысында бес өзен бар. Үшеуі Ақтөбе өңірінен, екеуі Ресей Федерациясынан бастау алады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысынан басталатын өзендерге қатысты қауіп сейілді. Олар Сағыз және Ойыл өзендері. Жем өзені өз арнасынан шығып, кең көлемде жайылып, Құлсары қаласын қоршауға алды. Соның салдарынан екі мөлтек ауданға су кірді. Жүзге жуық тұрғын үйді су басты", – деді Серік Шәпкенов.
Ресми мәліметке сәйкес, жағдай тұрақталған соң арнайы комиссия құрылады. Олар келтірілген залалды есептеп, материалдық шығындарды төлеумен айналысады.
Жұмыстар әлі жалғасады.