Тікелей эфир

Атырау облысында өрт салдарынан екі бала қаза болды

Пәтердегі ересектер аман қалды.

Атырау облысында екі бала өрттен қаза тапты, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Бүгін сағат 5.37-де 112 нөміріне Индербор кентіндегі бес қабатты үйдің терезесінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Келген өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің өртеніп жатқанын анықтады.

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері ұйықтайтын бөлмеден он және жеті жастағы балалардың мәйітін тапты. Олардың анасы мен 1994 жылы туған азаматша ес-түссіз жатқан. Зардап шеккендер Индербор ауданындағы орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Өрт 6:02-де оқшауланып, 6:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің себебін анықтау үшін Атыраудан өрт-техникалық зертханасы келді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Күн сайын жол апатынан 1 бала қаза тауып, 10-нан астамы жарақат алады – ІІМ


Полиция қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары