Тікелей эфир

Атбегі: Қазақстанда жылқы шаруашылығын тай бәйгесі құртып тұр

Жыл сайын елімізде 500 тай бәйгеде шабады.

Жетісу өңірінің Ұлттық ат спорты федерациясының басшысы Рүстем Досжанов "Ана тілі" басылымына берген сұхбатында Қазақстанда тай бәйгесіне тыйым салуға үндеді. Оның айтуынша, қазақтар ешқашан тай сатпаған. Ал тай күнінде бәйгеге қатысқан жылқылардың көбі жарыстан мертігіп оралады. 

"Жылқымыздың болашағын құртып жатқан нәрсе ол – тай бәйгесі. Қазақ етке болмаса, ешқашан тай сатпаған ғой. Өткен 3-4 жылға сараптама жасап көрдік. Елде жылына 500 тай шабады екен. Сол 500 тайдың 10 тайы үлкен аламанға әлі шығып көрген жоқ", – дейді атбегі. 

Рүстем Досжановтың түсіндіруінше, үлкен аламанға 8-9 жастан асқан жылқылар қатысады. Ал 1-2, әрі кетсе 3 жастағы тайды мұндай бәйгеге қатыстыру спортқа жаңа келген жасөспірімді үлкен жарыстарға қатыстырумен тең. Мұндайда жасты тәжірибелі спортшылар дереу талқан етіп тастайды. 


Оқи отырыңыз: Жамбы ату ұлттық ойыны қалай жаңғырды? Мергендер додасынан фоторепортаж


"Тайында қазақ тартып мін" деген қазақ. Тай бәйге жасап, жылқыны тай кезінен құртып жатырмыз. Әлі тәжірибе жинақтамаған құлын-тайды бәйгеге апарып салып жібереді. Одан ол не мертігіп қайтады, не өліп тынады. Құнандарды, яғни жылқыны екі жастан асырып барып шаптырса, біздің көп жылқымыз сақталып қалар еді. Мен өз тәжірибемде тайынан шауып, үлкен ат болғанша дейін аламанда жеңіп жүрген аттарды әлі кездестіріп көрген жоқпын", – деді Рүстем Досжанов.

Серіктестер жаңалықтары