Тікелей эфир

"Ата жолы" картасын қанша және қандай шетелдік мамандар иеленді

Карта 44 этникалық қазақтың қолына тисе, олармен бірге жеңілдікті барлығы 110 адам пайдаланады.

Қазақстанда биыл "Ата жолы" картасы 44 этникалық қазаққа бұйырды. Бұл картаның жеңілдігі иесінің отбасына да жарайтынын ескерсек, оның мүмкіндіктерін барлығы 110 адам пайдалана алады. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова сенат депутаттарының сауалына берген жауабында хабарлады. 

44 "Ата жолы" картасының 23-і сұранысқа ие мамандықтар бойынша берілсе (барлығы 48 адам), қалған 21-і бизнес-иммигранттарға (отбасымен бірге 62 адам) бұйырды. 

Қазақстанға қандай мамандар келеді?

"Ата жолы" картасымен Қазақстанға келген мамандар қатарында келесілер бар: 

  • "Сұранысқа ие мамандықтар" бойынша: инженер-физик, инженер-математик, газ-мұнай құбырларын жобалау және пайдалану, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету және есептеу техникасы, химиялық технологиялар, су асты инжинирингі, қолданбалы математика, ұшақ құрылысы, корпоративтік құқықтану мамандары, сондай-ақ жақ-бет хирургиясы дәрігерлері, педиатрлар және басқалар. 
  • Бизнес-иммигранттар: мелиорация, рекультивация және жерді қорғау, физика және информатика, ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандары, дәрігерлер және шетелде жұмыс істейтін кәсіп иелері.

Оқи отырыңыз: "Ата жолы" картасы 10 жыл мерзімге беріледі. Оны алу шарттары белгілі болды


"Шетел азаматтары үшін көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы толық және егжей-тегжейлі ақпаратты қамтамасыз ету үшін "migration.enbek.kz" порталы әзірленді. Портал шеңберінде жоғары білікті сұранысқа ие шетелдік мамандарды тарту үшін модуль жасалып жатыр", – делінген Тамара Дүйсенованың жауабында.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары