USDUSD: 499.7 / 503.7
  • EUREUR: 522.0 / 527.0
  • RUBRUB: 5.29 / 5.41
Тікелей эфир
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -7°C Астана
  • +2°C Ақтау
  • -9°C Ақтөбе
  • -5°C Атырау
  • -6°C Балқаш
  • -10°C Жезқазған
  • -7°C Қарағанды
  • -5°C Көкшетау
  • -2°C Қостанай
  • +1°C Қызылорда
  • -9°C Павлодар
  • -4°C Петропавл
  • -8°C Семей
  • -2°C Талдықорған
  • +4°C Тараз
  • +3°C Түркістан
  • -12°C Орал
  • -7°C Өскемен
  • +3°C Шымкент
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -7°C Астана
  • +2°C Ақтау
  • -9°C Ақтөбе
  • -5°C Атырау
  • -6°C Балқаш
  • -10°C Жезқазған
  • -7°C Қарағанды
  • -5°C Көкшетау
  • -2°C Қостанай
  • +1°C Қызылорда
  • -9°C Павлодар
  • -4°C Петропавл
  • -8°C Семей
  • -2°C Талдықорған
  • +4°C Тараз
  • +3°C Түркістан
  • -12°C Орал
  • -7°C Өскемен
  • +3°C Шымкент

"Ата-анаңды аяла" байқауы жарияланды. Бас жүлде – 250 мың теңге

Шығармашылық жұмыстарды қабылдау 25 мамыр күні аяқталады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты айына 1 рет жарық көретін діни-танымдық "Иман" журналы "Ата-анаңды аяла" атты шығармашылық байқау жариялады, деп хабарлайды muftyat.kz сайты. 

Байқаудың мақсаты – қазіргі қазақ қоғамында отбасылық, имандылық және ұлттық құндылықтарды насихаттау, журнал оқырмандарының шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқаудың шарттары:
  • байқауға ата-ананың құрметі тақырыбына қатысты еш жерде жарияланбаған ғибратты, әсерлі әңгімелер мен эсселер жіберіледі;
  • шығармашылық жұмыстар Word файлы түрінде қабылданады. Мақала көлемі Times New Roman шрифтімен 14 кегль өлшемінде, біртекті интервалмен теріліп, жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс;
  • жұмыстар ұйымдастырушының мекен-жайына (Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16) және iman-kz@mail.ru электронды поштасына – "Байқауға" айдарымен жолдануы тиіс;
  • бір қатысушы бір номинацияға бір материал ғана жібере алады;
  • материалдар тек қазақ тілінде қабылданады;
  • қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын, электронды поштасын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, iman-kz@mail.ru электронды поштасына жіберуі керек.
Байқау талаптары:
  • байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2022 жылдың 25 мамыр күні аяқталады;
  • Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін, байқау шарттарына сай келмейтін материалдар байқауға қабылданбайды;
  • шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына ("Ата-ананы аяла") сай болуы керек.

Жүлде қоры:
  • І орын  – 250 мың теңге;
  • ІІ орын  – 150 мың теңге;
  • ІІІ орын  – 100 мың теңге;
  • ынталандыру сыйлықтары – 70 мың теңгеден үшеу.

Еске салсақ, қазақстандық әйелдердің жартысына жуығының үй шаруасына күнделікті 6 сағат жұмсайтыны туралы зерттеу нәтижесін жариялаған едік. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жартысына жуығы үй шаруасын әділ бөлу және әйелдердің еңбегін ерлермен тең дәрежеде төлеу маңызды екеніне сенімді.

Серіктестер жаңалықтары