Тікелей эфир

"Асыл Арман" тұрғындары Іргелі ауылын Алматы қаласына қосуды сұрады

Тұрғын үй кешенінде 20 мыңнан астам адам тұрады.

"Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің тұрғындары Іргелі ауылын Алматы қаласына қосуды сұрап петиция жариялады. Петицияға қазірге дейін 2 мыңнан астам адам қол қойған. 

Іргелі ауылы Алматы қаласымен шекаралас аумақта орналасқан. Онда 20 мыңнан астам адам тұратын тұрғын үй кешені бар. Тұрғын үй қаланың батысынан үш километр жерде тұр. Сондай-ақ, сол жерде тұратын тұрғындардың 80 пайызы қалаға келіп жұмыс істейді. 

"Тұрғын кешенінің тұрғындары облыста тіркелгендіктен, коммуналдық төлемдердің жоғары болуы, маршруттардың жетіспеушілігі, мектептер мен мемлекеттік балабақшалардың болмауы, ипотека бағдарламаларына қатыса алмау сынды көптеген қиындықпен бетпе-бет келіп отыр.  Мұнымен қатар, "Асыл Арман" тұрғындарына салынып бітпеген жол айырық пен жаяу жүргіншілер көпірі балаларын мектепке алып баруға кедергі келтіреді. Осыған байланысты "Асыл Арман" тұрғындарының қалаға қосылуын қолдауды сұраймыз", – делінген петиция мәтінінде. 

"Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің меншік иесі – Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов жиын өткізіп, "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінен қалаға тікелей шығатын жолдың болмауы тұрғындар үшін қолайсыздықты тудырып отырғанын атап өтті. Тұрғындар бұрылу арқылы қосымша 10 шақырымды айналып өтуге мәжбүр, бұл тұрғындар арасында әлеуметтік шиеленіске әкеледі.


Оқи отырыңыз: Алматы іргесіндегі "асыл армандық" 3 мың оқушы басқа елді мекендерге қатынап оқуға мәжбүр


"Осыған байланысты, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ-мен қала жағына қарай №1 шығу жолының жанындағы Ташкент тасжолында жол айрығын салу кезеңінде уақытша бұру жолын ұйымдастыру мәселесі шешілді. Бұл 20 000 адамнан астам халқы бар "Асыл Арман" тұрғындары үшін жол жүру уақытын едәуір қысқартады. Жоспарда білім беру мекемелерін салу көзделмегенін ескере отырып, мектеп және мектепке дейінгі жастағы 6 мыңнан астам баланы білім беру мекемесімен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Қоғам Білім және ғылым министрлігімен, Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі тұлғасында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, "Асыл Арман" жанында мектеп салу мәселесі қарастырылып жатыр", – делінген жиналыс хабарламасында.  

Бұл бастама "Асыл Арман" ТК тұрғындарына балаларын тұрғылықты жеріне жақын жерде оқыту мүмкіндігін береді.


Оқи отырыңыз: Президент Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу облысын құруды ұсынды


 

Серіктестер жаңалықтары