Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласына кіру басқа өңірлердің көліктері үшін биылғы 1 қыркүйектен бастап ақылы болмақ. Ақы көліктің қалада болу уақытына қарай есептеледі.
Мысалы, қалада екі тәулікке дейін жүрген көлік иесі шамамен 0,28 доллар төлейтін болса, одан кейін әр тәулік үшін шамамен 1,6 доллар төлеуге тура келеді.
Ұлан-Батор билігі бұл шара қаладағы көлік қозғалысын 5 пайызға қысқартатынына сенімді.
Еске салайық, бұл бастама бірнеше жылдан бері көтеріліп, биыл нақты шешімін тапқан болатын. Қала статистикасы бойынша, Ұлан-Батор тұрғындары көлік кептелісінде тәулігіне шамамен 2,5 сағат уақытын жоғалтады. Бұл жылына 35 тәулікке тең. Қала билігінің есебінше, мұндай кептелістер кезінде жоғалатын экономикалық мүмкіндіктер елдің жалпы ішкі өнімінің 10 пайызына дейін жетуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Моңғолия қазақтары Қазақстанның жоғары наградаларымен марапатталды