Астанадағы жатақханалардың бірінен өрт шықты: 50 адам эвакуацияланды

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
Өрттің себебі анықталып жатыр.

Астанадағы жатақханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт таңертең Сарыарқа ауданы Бұланты көшесі бойындағы мансард үлгідегі жатақхананың алты қабатты ғимаратында шыққан.

"Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт мансард түріндегі 6-қабатта болып жатқаны анықталды. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен сәтте қабат толығымен отқа оранған. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, 50 адам, оның ішінде жеті бала эвакуацияланды. 490 адам өздігінен қауіпсіз жерге шықты. Өрт 1 600 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді", – делінген хабарламада.

Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. 

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары