Шоқайдың үш мөрін мектептің музейіне ұрпағы Гүлбаршын табыстаған.
Бүгін Астанадағы Мұстафа Шоқай атындағы мектептің мұражайына бір ғасырдан соң оның үш мөрі табыс етілді. Бұл туралы Әбіуақап Қара әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Шоқайдың үш мөрін мектептің музейіне ұрпағы Гүлбаршын табыстаған.
"1921-1941 жылдары Шоқай қолданған мөрді зайыбы Мария Әлім Алматқа аманаттаған. Ол Түркияда 40 жыл сақтап, қартайған соң 1997 жылы Бақыт Садықоваға табыстаған. Бақыт Садықова өткен айда Шоқайдың ұрпағы Гүлбаршынға берген. Міне бүгін ресми түрде музейге табысталды" – деп жазды Әбіуақап Қара.