Тікелей эфир

Астанада жыл соңына дейін 8 жайлы мектеп ашылады

Сондай-ақ, ұлттық жобадан тыс тағы бір мектеп пайдалануға беріледі.

Елордада 2024 жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Жыл соңына дейін ашылатын мектептерді ескерер болсақ, тапсырылатын жайлы мектептердің жалпы саны 17 болмақ", – деді қала басшысы. 

Астанада қыркүйек айында 15 мектеп ашылса, олардың тоғызы – "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынған. Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашылады, оның сегізі – ұлттық жоба аясында. 

"Осылайша, тоғыз жаңа мектеп екі ауысымда тағы 30 мыңнан астам оқушы орнын құрады. Бұл оқу орындары тағы 4 мектепте үш ауысымды оқыту, 3 мектепте тығыздылығы жоғары режимі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Біз сол сияқты алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар да тартамыз", – деді Жеңіс Қасымбек. 


Оқи отырыңыз: 2024 жылы Қазақстанда 208 жайлы мектеп бой көтереді


 

Серіктестер жаңалықтары