Тікелей эфир

Астанада ЖШС есепшісі ойынханаға компанияның 400 млн теңгесін салған

Әйел компания иелеріне шетелге саламын деп уәде берген ақшаны жымқырған.

ЖШС есепшісі ойын бизнесі үшін ақшалай пайда алу мақсатында алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.

Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Кінәлі әйел ЖШС-ның есепшісі бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн. теңгеден астам қаражатын иемденген. Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған", – деп  жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Енді ойынқұмар азаматтар мемлекеттік мекемеде тегін емделе алады


Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары