Тікелей эфир

Астанада жол қозғалысы ережесін 100 рет бұзған азамат ұсталды

Жүргізушіге осы уақытқа дейін 1,5 млн теңге айыппұл салынған.

“Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып келе жатқан Chevrolet көлігін тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz. сайта жазды. 

"Тексеру барысында 15 сәуірден бастап ер адам 100-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзған, оған1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Жүргізуші көбіне жылдамдықты шектеп, арнайы бөлінген жолақтарды пайдалану ережесін бұзып отырған. Тәртіп бұзушыға ескерту беріліп, автокөлік коммуналдық учаскеге қойылды", – делінген хабарламада.

Оған қоса полицейлер Ресей Федерациясында тіркелген BMW көлігін жүргізіп жүрген, наурыз айынан бері 50 әкімшілік құқық бұзған 37 жастағы азаматты ұстады. 

Бұл азаматқа полиция қызметкерлері 1 млн 100 мың теңгеден астам сомаға хабарлама беріп, көлік коммуналдық айыппұл тұрағына қойылды.

Айта кетейік, Астана аумағында биыл 7-30 маусым аралығында “Борышкер” жедел-профилактикалық шарасы жүргізіліп жатыр. 

Жедел-профилактикалық шарасы кезеңінде көлік жүргізушілерге жалпы сомасы 10 млн 700 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл желісі бойынша 950-ге жуық хабарлама берілді. Әкімшілік айыппұл бойынша қарызы бар жүргізушілердің 69 автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары