Тікелей эфир

Астанада жаңа электронды төлем жүйесі бар автобустар іске қосылды

Жаңа бағыттарды қазір Avtobys мобильді қосымшасы арқылы ғана бақылауға болады.

Астанада жаңа электронды жолақы төлеу және диспетчерлік жүйе жабдығымен жабдықталған автобустар дайын болған бойда жолға шығады, деп хабарлайды City Transportation Systems көлік компаниясы.

"Бұған дейін бұл автобустар №3, 15, 32, 54, 61 бағыттарда жүрсе, енді №5, 5А, 8, 26, 45 бағыттар бойынша жолға шықты", – деп жазылған хабарламада.

Көлік компаниясы ауысу кезеңінде жаңа автобустар аялдамалардағы ақпараттық тақталарда немесе қоғамдық көліктерді қадағалауға арналған қолданыстағы мобильді қосымшаларда көрсетілмейтінін атап өтті.


Оқи отырыңыз: Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?


"Қазіргі уақытта бұл бағыттардың қай жерде келе жатқанын тек Avtobys мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Бұл мобильді қосымшаны қолданбаны AppStore, Google Play және AppGallery дүкендерінен жүктеп алуға болады. Жүйе толығымен енгізілгеннен кейін барлық қызметтер бұрынғыдай жұмыс істейді. Жаңа жүйеге толық көшу 2023 жылдың соңына дейін аяқталады", – деп жазылған көлік компаниясының хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары