
Тінту кезінде сегіз қорап электронды темекі тәркіленді.
Астанада түнгі клубтардың бірінде вейп сатқан жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы ПД Есіл ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында түнгі клубтардың бірінде электронды темекіні заңсыз сатқан жігітті ұстады
Тінту кезінде сегіз қорап электронды темекі тәркіленді.
"Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 1-бөлігі шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.