Астана қаласында білім беру, қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия, өңдеу және құрылыс салаларында кадр тапшылығы жоғары.
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023–2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана әкімдігі қаулысының жобасында жазылған.
Бұл мәселені шешу аясында қала қажеттілігі үшін 8 бағыт және 61 мамандық бойынша 8500 маман дайындау көзделген:
- Білім – 1400 орын;
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 225 орын;
- Кәсіпкерлік, басқару және құқық – 365 орын;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1120 орын;
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 3175 орын;
- Ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария – 65 орын;
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету – 450 орын;
- Қызметтер – 1700 орын.
Бұл ретте бір студенттің бір жылғы оқуына жұмсалатын шығын 398 мың мен 443 мың теңге аралығында.
Оқи отырыңыз: Жаттықтырушы-оқытушыларды ынталандыру төлемдері енгізіледі
Қаулы жобасын жария талқылауға 17 мамырға дейін қатысуға болады.