Астана қаласының әкімдігі 2023 жылы Наурыз мейрамына орай өтетін бұқаралық шаралардың тізімін жариялады. Елордада Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шара өткізіледі.
15 наурыз. Сағат 12:00-де орталықтандырылған кітапхана жүйесінде "Армысың, әз Наурыз" мерекелік кеші.
16 наурыз. Сағат 16:00-де "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Наурыз" іс-шарасы.
16 наурыз. Сағат 19:00-де "Жастар" сарайында "Наурыз мейрамы құтты болсын" мерекелік бағдарламасы
16-28 наурыз. Сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Сәкен Сейфуллин мұражайында "Қош келдің, әз Наурыз" мерекелік көрмесі.
Оқи отырыңыз: "Амалмен шатастырмау керек". Зейнеп Ахметова Наурыз мерекесі туралы
17-31 наурыз. Жас көрермендер үшін "Наурыз-думан" қуыршақ шоуы.
17 наурыз. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Палитра созвучий" концерті.
17 наурыз. Сағат 19:30-да "Наурыз-думан" мерекелік бағдарламасы.
20 наурыз. Сағат 19:00-де осы сахнада мәдениет саласындағы "Наурыз ұлттық сыйлығы" іс-шарасы.
21 наурыз. Сағат 18:00-де Музыкалық жас көрермен театрында "Жаздың соңы" премьералық қойылымы.
22 наурыз. Музыкалық жас көрермен театрында "Абай-Тоғжан" музыкалық драмасы.
23 наурыз. Музыкалық жас көрермен театрында "Гауһартас" музыкалық-драмалық қойылымының премьерасы.
Оқи отырыңыз: Наурыз айында қандай мерекелер бар және қазақстандықтар неше күн демалады?
21 наурыз. Сағат 19:00-де "Қазақстан" ОКЗ-да "Әнім сен едің" концерті өтеді. Сахнада еліміздің жетекші солистері, жас әрі талантты орындаушылар, заманауи эстраданың танымал жұлдыздары қазақтың белгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындайды.
21-23 наурыз. ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында "Наурыз базары" Шығыс жәрмеңкесі өтеді. Шығыс жәрмеңке этностильдегі киімдердің, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттардың, кәдесыйлардың жаңа топтамаларын ұсынады. Қала тұрғындары үшін еліміздің әр өңірінен шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілердің жаңа өнімдері ең тиімді бағада қолжетімді болады. Нағыз гурмандарды шығыс тағамдары фестивалі күтеді. Жәрмеңке күн сайын жұмыс істейді: 21 наурыз сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін, 22 және 23 наурыз күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.
21 наурыз. Сағат 13:00-де ЭКСПО аумағындағы Nur Alem сферасының жанындағы ашық алаңда "Наурыз мейрамы" көшпелі өркениет фестивалі ашылады. Ол сондай-ақ 22 және 23 наурызда сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фестиваль аясында мерекеге орай елорда тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді.
Фестиваль елорданың басқа ауданында ұйымдастырылады. Мәселен, Қазақ Елі монументінің алаңында және қалалық алаңда 21 және 22 наурызда сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін, 23 наурызда 11:00-ден 14:00-ге дейін.
Оқи отырыңыз: Наурызға ерекше көзқарас. Наурыз көже қалай жасалады? Астың кепиеті деген не?
Ауқымды іс-шаралар келесі елді мекендердер де ұйымдастырылады:
Алматы ауданы:
- "Теміржолшылар" елді мекені;
- "Жерұйық" саябағы;
- "Күйшілер" аллеясы;
- "Интернациональный" елді мекені;
- "Мичурино" елді мекені.
Есіл ауданы:
- "Үркер" елді мекені;
- "Байтерек" монументі;
- "Пригородный" елді мекені;
- "Жағалау" нүлзары;
- "Арнау" тұрғын үй кешені;
- "Зеленый квартал" тұрғын үй кешені;
- "Назарбаев-Орталығы".
Сарыарқа ауданы:
- "Көктал" саябағы;
- "Қорғалжын" саябағы;
- "Агроқалашық" елді мекені.
Байқоңыр ауданы:
- "Ататүрік" саябағы;
- "Жазушылар" аллеясы;
- "Кирпичный" елді мекені;
- "Казгородок" елді мекені;
- "Өндіріс" елді мекені.