Тікелей эфир

Астанада мектеп оқушысы суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды

11 сынып оқушысын қарындасы оятып, өзенге бала батып бара жатқанын айтқан.

Астанада 11 сынып оқушысы Марлен Көшербай өзенге батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

№52 мектеп-гимназиясының 11 "А" сынып оқушысы Марлен Көшербай елордалық үйлердің бірінің қасында өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды.

"12 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Марленді қарындасы оятып, өзенге бір баланың батып бара жатқанын айтқан. Марлен бірден үйдің жанындағы өзенге қарай жүгіріп, суға батып бара жатқан бүлдіршінге көмекке ұмтылып, судан аман-есен шығарып алды", – деп жазылған хабарламада.

Бейбіт заманның батыры өз сөзінде кішкентай баланың өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын көргенде, ойланбастан көмекке ұмтылғанын айтты. Бүгін Марлен көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Астана қаласы білім басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің атынан марапатталды.


Оқи отырыңыз: Қарағандылық сегіз жасар оқушы өрт аузынан қарындасын құтқарып қалды


 

Серіктестер жаңалықтары