Тікелей эфир

Астанада былтыр тамызда берілуі тиіс пәтеріне кіре алмай жүрген үлескерлер шу шығарды

Қала әкімдігі мәселені тек сот арқылы шешуге кеңес берді.

Астанада атышулы құрылыс компаниясының төңірегінде шу шықты. "Джи-парк" компаниясына ақшасын сеніп тапсырған үлескерлер пәтеріне қол жеткізе алмай жүргенін айтады, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Бізге былтыр тамызда берілуі керек болған. Берген жоқ, күттік. Желтоқсанда беріледі деді, оны күттік. Мамыр айында үйдің берілмейтінін түсіндік", – деді Жадыра Саттарова. 

Құрылыс компаниясы ғимаратының алдына жиналған үлескерлер тұрғын үй құрылысына екі жарым жыл бұрын қомақты қаржы құйған. Айтуларынша, көбі пәтерінің жарты құнын, кейбірі толық сомасын төлеп қойған. Алайда былтыр тамызда аяқталады деген үйдің құрылысы әлі бітпеген. Осыған ашуланған үлескерлер компаниядан ақшасын қайтаруды талап етті.


Оқи отырыңыз: "Тұрмыстық техникамыз жанып бітті". Атырау облысында тұрғындар 50 жылдан бері жарықтың дұрыс берілмейтініне шағымданды


Үлескерлерге құрылыс компаниясының бір де бір қызметкері шығып, мән-жайды түсіндірген жоқ. Ал қала билігі азаматтарға құрылыс компаниясымен арадағы мәселені тек сот арқылы шешуге кеңес бере аламыз, дейді. 

"Компанияның алты нысан бойынша құрылысқа рұқсат құжаты жоқ. Бірақ олардың айтуынша, екі айдың ішінде барлық рұқсат құжаттар алынады. Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз", – деді Астана қаласы әкімдігінің өкілі Дәулет Досқұлов. 

Серіктестер жаңалықтары