Астана әкімі Жеңіс Қасымбек балконнан құлағалы тұрған бес жасар баланы аман алып қалған жетінші сынып оқушысына планшет пен бір миллион теңге сыйға тартты. Әкімдік Ақан Әкімжановқа колледжге немесе жоғары оқу орнына түсуге де көмектеседі.
"Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездестім. Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды. Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде", – деп жазды қала әкімі Жеңісбек Қасымбек.
Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ, қала әкімі оның болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетілетінін айтты.
Оқи отырыңыз: Қарағандылық сегіз жасар оқушы өрт аузынан қарындасын құтқарып қалды