Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.
Астанада шағын автобус 50 жастағы жаяу жүргінші әйелді қағып кетті. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Анықталғандай, Абылай хан даңғылы бойымен келе жатқан автобус жүргізушісі Жансүгірұлы көшесінің қиылысында тыйым салынған бағдаршамнан өтіп кетіп, бағдаршамның рұқсат етілген тұсында жолды кесіп өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші зардап шекті. Ол медициналық мекемеге жеткізілді", – деп жазылған Астана қаласының gолиция департаменті жіберген хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді