Астана қаласының аумағында 5 мыңнан астам тұрғын үй апатты жағдайда немесе тозығы жеткен. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қала тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді.
Тозығы жеткен тұрғын үйде жылыту, электрмен жабдықтау жүйелері жарамсыз және өрттің туындау қаупін тудырады.
Оның айтуынша, бірінші тоқсанда электр жабдықтарын дұрыс орнатпау және техникалық пайдалану салдарынан өрт саны 26 пайызға, тұрмыстық аспаптарды пайдалану кезінде 44 пайызға өскен.
"Әкімдік тұрғын үй қорын кезең-кезеңімен жаңартып отырады. Мысалы, желтоқсан айында 5 авариялық жағдайдағы үй бұзылып, 2 авариялық үйдің тұрғындары көшірілді. Дегенмен, тұрғын үй иелері мен жалға алушылар өзінің қауіпсіздігіне және жайлы өмір сүру жағдайын жасауға мүдделі болуы керек. Осыған байланысты елорда тұрғындарына адам шығыны мен қаржылық шығындардың алдын алу үшін тиісті шараларды уақтылы қабылдау қажеттігін айтқым келеді", – деді министр.