Астана мешіттерінде сурдоаударма қызметі іске қосылды

Енді есту қабілеті төмен мұсылмандарда мешіт уағызын тыңдай алады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен елорда мешіттерінде есту қабілеті төмен жандарға арналған сурдоаударма қызметі іске қосылды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі. 

"Әзірге мешітке келуші жамағатқа арнайы сурдоаудармашы маманның көмегімен тікелей эфирде жұма уағызы аударылып, назарға ұсынылып отыр. Республикалық саңыраулар қоғамының вице-президенті Жангелді Рахманұлы "Әзірет Сұлтан" мешітіне келіп, сурдоаударма қызметінің жүзеге асырылып жатқанына дән ризашылығын жеткізді", – делінген ҚМДБ хабарламасында. 

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Айта кетейік, қазіргі таңда бас мүфти тапсырмасына сәйкес есту қабілеті төмен мұсылмандарға арналған сурдоаударма қызметін одан әрі жетілдіру, мұның барлық мешітте жүргізілуіне қатысты елордалық имамдар жұмыстануда.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның Google, Яндекс карталарында қанша мешіт пен намазхана бар?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары